Яндекс.Метрика
KZ

Қазіргі заманға сай трансплантология 1937 жылы оның негізін салған студент Владимир Демиховқа 21 жаста болғанда ашылды.

 

В. Демихов әлемдік деңгейде ондаған оталар жасады: 

1937 ж. – әлемде алғашқы рет жасанды жүрек; 

1946 ж. – кеуде қуысында жүректі әлемде алғашқы рет гетеротопикалық (атап айтқанда өзінің орнында емес) алмастырып салу;

1946 ж. – әлемде алғашқы рет жүрек-өкпе кешенін алмастырып салу; 

1947 ж. – әлемде алғашқы рет оқшаулап алынған өкпені алмастырып салу; 

1948 ж. – әлемде алғашқы рет бауырды алмастырып салу; 

1951 ж. – әлемде алғашқы рет жасанда қанайналымды пайдаланусыз (оның алғашқы рет жасап шығарған пневмоприводтан (шаңсорғыш) жұмыс істеп тұрған жүректің жетілген протезімен) жүректі ортотопиялық  (атап айтқанда өз орнында) алмастырып салу;

1952 ж. – әлемде алғашқы рет маммарлыы-коронарлық шунттау; 

1954 ж. – итке екінші басты алмастырып салу; 

 

«Дәрігер В. Демихов – жүректі, бауырды, бүйректі, өкпені алмастырып салумен айналасатын барлық клиникаларда технологияларын пайдаланатын, әлемдегі ең ұлы тәжірибе жасаушылардыың бірі» - деді кардиохирург Ренат Акчурин. Танымал хирург шумахер Демиховты «адамзаттың ұлы тәжірибешісі» деп атады.

 

1960 ж. Владимир Петрович «Тәжірибеде тіршілік ету үшін маңызды ағзаларды алмастырып салу» монографиясын шығарды. Ол транспланттау жөніндегі бірінші әлемдік нұсқау болды. Кітап бірнеше тілге аударылды. 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

 

1979 ж.

алғашқы рет бүйректі транспланттау

ҚР ДСМ клиникалық және эксперименттік хирургиясының ғылыми-зерттеуинституты, хирург А.Д.Сутыко

1992 ж.

алғашқы рет ұйқы безін гетеротопикалық транспланттау

А.Н. Сызғанов атындағы хирургия институты

хирург М.Ә. Әлиев және Ж.А. Досқалиев

1996 ж.

алғашқы рет бауырды гетеротопикалық транспланттау

А.Н. Сызғанов атындағы хирургия институты

хирург М.Ә. Әлиев және Ж.А. Досқалиев

2011 ж.

тірі донордан бауырды алғашқы рет ортопедиялықтранспланттау

А.Н. Сызғанов атындағы хирургия институты

хирург О. Руммо (Белоруссия)

2012 ж.

алғашқы рет жүректі транспланттау

«Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ

кардиохирург Ю.В. Пя және Я. Пирк (Чехия Республикасы)

2012 ж.

ұйқы безін және бүйректі алғашқы рет аралас транспланттау

Алматы қ. №7 ҚКА

Хирург Kwan-Tae Park (Оңтүстік Корея)

2012 ж.

алғашқы рет баланың бүйрегін транспланттау

 «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ

Қазақстандық және шетелдік мамандар

2013 ж.

алғашқы рет баланың бауырын транспланттау

 «Республикалық жедел медициналық көмек көрсету ғылыми орталығы» АҚ

хирург О. Руммо (Белоруссия)

2013 ж.

алғашқы рет мәйіттік донордан бауырды ортопедиялықтранспланттау

«Республикалық жедел медициналық көмек көрсету ғылыми орталығы» АҚ

хирург Т. Сұлтанәлиев

2013 ж.

алғашқы рет мәйіттік донордан ағзаларды мультиағзалық алу

А.Н. Сызғанов атындағы хирургия институтында бір мезгілде 4 реципиентке 4ағзаны транспланттау жасалды.

FaLang translation system by Faboba