Яндекс.Метрика
KZ

Құрметті отандастар, достар, қонақтар мен ұжымдастар!

Донорлықтың тиімді жүйесі жыл сайын көптеген дамыған елдердің дәрігерлеріне әр түрлі ағзалар мен тіндерді алмастырып салуды іске асыра отырып, жүздеген мың адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Трансплантологияны дамыту еліміздің барлық медициналық саласы үшін стратегиялық басымдылығы болып табылады. Трансплантологияны дамыту деңгейі еліміздегі медицинаның жалпы жағдайы туралы пікір айтуға мүмкіндік береді. Қазақстанда әлемдегі алдыңғы қатардағы клиникаларда оқытудан өткен жоғары мамандандырылған кадрлер, қажетті жабдықтар мен тәжірибелері бар.

Әрі қарай заңнамаларды жетілдіру мен барлық деңгейдегі мемлекеттік қолдау Қазақстанды трансплантологияны машықтанатын алдағы елдердің қатарына шығаруға мүмкіндік береді, бұл істің куәсі сақтап қалған адам өмірі. Елімізде транспланттаудың үйлестіру қызметін қамтамасыз ету үшін облыстық орталықтарда, Астана және Алматы қалаларында ағзаларды транспланттау бойынша Республикалық үйлестіру орталығы құрылды. Қазақстанда бүгінгі күнде ағзаларды жинауды іске асыратын 37 донорлық стационарлар,транспланттау бойынша оталар жасауға лицензиясы бар 9 транспланттау орталықтары бар.

Донорлар мен реципиенттерді есепке алатын бірыңғай электрондық есепке алу тіркелімі құрылуда, тіркелім күту парағында тұрған донорлардың, реципиенттердің электрондық тізімін қалыптастыру кезеңін автоматтандырады. Бізмен ғаламтор – сайты құрылды, бұл қажетті ақпаратты алу үшін маңызды арналардың бірі. Ғаламтор – сайт арқылы пайдаланушыларда пайда болған мәселелерге шұғыл жауап беруге мүмкіндік береді. Бұл онлайн-чат көмегімен, телефон арқылы, сонымен қатар Skype бойынша қарама-қарсы байланыс нысанын пайдалану арқылы консультанпен байланысуға көмек береді. Портал донорлық және транспланттау туралы кең және толық ақпарат алуға мүмкіншілік береді.

Біз сіздерді қызметтестікке шақырамыз және сіздің сұраақтарыңызға жауап беруге дайынбыыз. 


Басшыға сурак қою:

Имя:

Байланыстар:

Телефон:

E-mail:

Сообщение:

FaLang translation system by Faboba