KZ

2021 жылғы 8 сәуірде Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен «Трансплантациялық қызметтің проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында кеңес өткізілді.

Кеңеске республикалық және өңірлік медициналық ұйымдардың басшылары, ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың транспланттаушы үйлестірушілері қатысты.

Кеңес барысында трансплантациялық үйлестіру қызметінің негізгі көрсеткіштері айтылды және елдегі ағзалық донорлықты дамыту үшін қабылдануы қажет шаралар бойынша тапсырмалар берілді.

Қазіргі уақытта ағзаларды трансплантаттауға мұқтаж адамдар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады. 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша күту парағында – 3 418 пациент бар, оның ішінде 107-сі балалар. Донорлық ағзаларды жіті жетіспеушілігінен ауыстырып қондырулар саны екі есеге азайды, күту парағынан шыққан пациенттер саны артып, ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 63 адамды құрады…

 

  

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау