KZ

Қазақстан Республикасында ағзалық донорлық мәселелері бойынша халық арасында сауалнама жүргізу

Толығырақ

Туркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасында донорлық пен трансплантацияны дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Толығырақ

Әлеуметтік жауапкершілік актісі туралы!

Толығырақ

Ұйым туралы негізгі ақпарат

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТЖТМҚҮРО» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін дамытуға жәрдемдесу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін үйлестіру болып табылады.

ТЖТМҚҮРО қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту болып табылады.

Транспланттау қызметін үйлестіру ТЖТМҚҮРО тәулік бойы режимінде жүзеге асырылады. Транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында өкілдіктер құрылған. Елде бүгінгі күні ағзаларды алу жүзеге асырылатын 40 донорлық стационар, транспланттау бойынша ота жүргізуге лицензиясы бар 7 транспланттау орталығы қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар

АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ ...
Толығырақ

Құрметті отандастар!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны салдарынан туындаған қиын жағдайға байланысты үндеу жасап, табиғи апатқа бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, төтеп беруге шақырды. ...
Толығырақ

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ХИРУРГТАР ҮШ ДОНОРЛЫҚ АҒЗАНЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУДЫ ЖҮРГІЗДІ

Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды. ...
Толығырақ

Алматы облысында 400-ге жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде 2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да...
Толығырақ

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы»

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы» 14.02.24 ...
Толығырақ

E-gov порталында ерік білдірушілер

E-gov порталында ерік білдірушілер Подробнее... ...
Толығырақ

Біздің серіктестер

Шығыс Қазақстанда бірнеше мың адам трансплантологиялық көмекке мұқтаж, алайда, елімізде донорлық дамымаған дерлік.

Сіз гемодиализ бөлімшесінде болып көрдіңіз бе? Болмасаңыз, шүкір деңіз. Ал біз барып, жабырқаулы күйде қайттық. Қанды тазарту аппаратындағы адамдардың көздері шаршаған, үмітсіз. Бет жүздері бозарған, сұр түстен қоңыр және сары реңкке көшеді. Бұл пациенттерге қасіреттері жайлы айту ауыр, біреудің оларды танығанын қаламайды. Шындықты айтқанда, өмірден күтетіндері аз. Барлығының тезірек аяқталып, өздеріндей науқастардың қасында жатпауды қалау болмаса. Бұл адамдардың барлығы бүйректі ауыстырып қондыруды қажет етеді, деп хабарлайды Устинка LIVE хатшысы.

Александр Герман

32 жаста. Ер адамның жасын біліп таң қалдық, себебі ол өз жасынан әлдеқайда ересек көрінеді. Оның жүдеу түрі мен бетінің қоңырлығы ауруын бірден білдіреді. Бет жүзі оның қаншалықты сирек күлетінін көрсететіндей. Өмірінің соңғы сегіз жылында аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері таңертең Александр Өскеменге Первомайское кентінен төрт сағатқа гемодиализге келеді. Оның бүйрегі жұмыс істемейді. Себебі - өзін-өзі емдеу.

Ангинадан гемодиализге дейін – бір қадам

- 12 сәуірде гемодиализде болғаныма сегіз жыл, - деп әңгімелейді Александр. – Мен Ресейде жұмыс істедім, бір күні қан қысымын көтеріліп, мені ауруханаға алып кетті. Талдау алып, гломерулонефрит деп айтты. Бүйрегім «кебе» бастады. Үйге қайтып келдім. Сол кезден бері қан тазартатын аппараттамын. Мұндайдан ешкім сақтандырылмаған деп айта аламын. Ангинаны бала кезімдегідей бал қосылған ыстық сүтпен өз бетіммен емдедім. Антибиотик қабылдамадым. Созылмалы пиелонефрит болды. Асқыну әрине әлсіз ағзаға ауысты. Алғашқы екі жыл халім ауыр болды, жан сақтау бөлімшесінде жатқаным да болды. Қан қысымым жоғары болды. Қазір жағдайым жақсырақ.

Бүйректі ауыстырып қондыруға күту парағындағы кезек қалай жылжуда деген сұраққа Александр түсінбеушілікпен: «Күту парағының мәні бар ма? Менің сенімсіз қалғаныма қай заман. Ешкімнің шаруасы жоқ. Бізге қаншалықты ауыр екенін ешкім білмейді» дейді.

Ер адам – 1 топ мүгедегі, 59 мың теңге зейнетақысының жартысы ауруханаға және кері қайтуға жол ақысына кетеді. Ал оның отбасы – әйелі мен екі баласы бар.

- Осылай өмір сүреміз, - дейді ол. – Дәрінің күшімен. Қан қысымы көтерілмеуі үшін қолдайтын дәрі-дәрмек қабылдаймын. Дәрі кейде бар, кейде жоқ... Біздің еліміздегі адамдардың менталитеті Ресеймен салыстырғанда бөлек. Онда бүйректі соншалықты ұзақ күтпейді.

Алматыда және Нұр-Сұлтанда мұндай операциялар жасалады және бізде де жасау мүмкіндігі бар, бірақ, олар қазір тежелген.

Сұхбатымыздың барысында ер адам не өзін, не сезімтал журналистті жұбатқаны екені белгісіз, ақырын ғана «Бәрі жақсы болады» деп қайталап отырды... Оған өзі сенеді ме?

Философ Фридрих Ницше: "Бізді өлтірмеген нәрсе бізді одан сайын мықты етеді" деген. Диализдегі адамдарға бұның қатысы жоқ. Олардың организмі жылдан жылға әлсіздене түседі. – Диализдегі науқастың орташа өмір ұзақтылығы – шамамен 20 жыл, содан кейін ол асқынулардан қайтыс болады, - дейді трансплантологиялық қызметтің ШҚО бойынша өңірлік үйлестірушісі Сергей Белых.

- Бүйрек істен шыққан кезде олар қанды сүзбеумен қатар, қызыл қан жасушаларының түзілуін бақылайтын факторлардың бірі эритропоэтинді шығаруды тоқтатады, гемоглобин үнемі төмендей береді. Қан литрлеп құйылады, демек, қанмен бірге жұғатын инфекциялар жұқтыру қаупі артады. Гемодиализдегі пациенттердің терісі қалыпты емес, сұр-қоңырлана түседі. Ол организмде шлактардың жиналуынан. Гемодиализ шарасы бүйректі толық алмастырмайды, организмді шлактардан толық тазартпайды, тек олардың бір бөлігін жояды. Бүйректі ауыстырып қондырудан кейін адамдардың жүзі бір аптадан кейін қалпына келеді.

Александр Германға қан құю кезінде С гепатиті жұқтырылған. Емдеуден өтіп, нәтижелерін күтуде. Егер диагнозы расталса, гепатитпен донорлық ағзаға үміткер бола алады ма? Бізде мұндай мәселе регламенттелмеген екен.

Айта кететін жай, Еуроодақта, оның ішінде, Латвияда, транспланттауға ағзалар инфекция жұқтырған қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан да алынады.

Мұндай жағдайда С гепатиті бар науқастың бүйрегі ұқсас диагнозы бар науқасқа ауыстырып қондырылады.

- Пациент операцияға дейін вирусқа қарсы ем қабылдады және операциядан кейін де қабылдайтын болады. АИТВ-жұқтырған ағзалар АИТВ жұқтырған науқасқа жарайды. Оның да өмір сүруге құқығы бар, - деп атап өтеді Сергей Борисович.

Алайда өкінішке орай, донорлық ағзаның да «қызмет мерзімі» бар. Ауыстырып қондырылған бүйрек немесе бауыр 10 жылдан 15 жылға дейін қызмет ете алады, бұл жылдарды белсенді өткізуге болады. Содан кейін мүмкін, диализге қайтып оралады немесе жаңа донорлық ағза табылады. – Пациент донорлық ағзамен өмір сүрген кезеңде аптасына үш рет 4-6 сағатқа аппаратқа қосылатын болмайды, өмірі сұйықтық организмнен кетпейтіндіктен қалағаныңша су ішуге болмайтын шектеулерге толы болмайды, - дейді  Сергей Белых.

- Сол себепті диализ залына кірерде таразы тұр. Науқас шараға келген кезде салмағын өлшейді, аппаратсыз өткізген екі күнде жинаған салмағына байланысты гемодиализ бағдарламасы есептеледі – яғни, оны қаншалықты «кептіру» қажет екені, организмнен қанша сұйықтықты шығару қажет екені туралы шешім қабылданады. Адам қалағанынша су іше алмағанымен қатар, дәм рецепторлары жойылатындықтан, тамақтың дәмін де сезіне алмайды. Бұл бақытсыз адамдар!

Беделі күмәнді

Өткен жылдың тамыз айынан бастап Қазақстанда донорлық ағзаларды бір де бір алу жүргізілген жоқ, сондықтан күту парағындағы кезектің қозғалуы шамалы. Оның себебі көбінде көпшіліктің назарында болған «қара трансплантологтар ісінде». Еліміздің оңтүстігінде 2017-2018 жылдары адам ағзаларын шетелдік пациенттерге ауыстырып қондыруды жүзеге асырған қылмыстық топ әрекет етті. Ұйымдастырушылар шетелдік азаматтар болды. Донорлар – ағзаларын, оның ішінде, бүйректерін 10-15 мың долларға Израильдің қалталы реципиенттеріне сатқан Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Украинадан келген азаматтар. Республикалық БАҚ деректері бойынша, бүйректі ауыстырып қондыру жөніндегі операция үшін шетелдіктер 150 мың доллар төлеген. Ағзаларды сатуға бүкіл әлемде тыйым салынғанын атап кеткен жөн. Операцияларды жасаған басты күдікті дәрігер өткен жылдың мамыр айында тұтқынға алынып, әлі күнге дейін тергеу изоляторында ұсталуда, алайда, көптеген әріптестерінің айтуынша, ол бұл күрделі істе жалғыз айыпты емес.

- Өз жұмысын – ауыстырып қондыруды орындаған хирургтар тұтқындалды, - дейді Сергей Белых. – Бірақ, осы донорларды әкелгендер қайда? Транспланттау операциясы орындалуы үшін көптеген қағаздар ресімделеді. Донор ақыл-есі дұрыс екендігі туралы психиатрдың анықтамасын, аффект күйінде еместігі туралы медициналық психологтың анықтамасын және т.б., өтеусіз түрде жасайтындығы туралы нотариаттық куәландырылған куәлікті және этикалық комиссияның оны растайтын қорытындысын әкеледі, сондай-ақ, шешімнің мәжбүрлеусіз немесе қысымсыз қабылданғандығын растайды.

Мұндай істі тындыру «Денсаулық туралы» Кодекстегі бір ғана баптың арқасында мүмкін болды.

- Жақын туыстар: ата-аналар, балалар, ағалы-інілілер, апалы-сіңлілер (бір туған және бір туған емес), ата-апалар, немерелер донор бола алады. Бірақ, «эмоциялық туыс» деген ұғым бар, ол, мысалы, досың болып келетін адам. ОҚО жүргізілетін операциялар осы бапқа келтірілген, - деп түсіндіреді Сергей Белых. – Алайда, «Денсаулық туралы» Кодекстің жаңа жобасында ол жоқ және ескі Кодекстен оның айырмашылығы осында ғана. Сондай-ақ, жұпты донорлыққа қатысты шешім де жоқ. Мысалы, жұбайы зайыбына бүйрегін бергісі келеді, бірақ олардың тіндері үйлеспейді, және де дәл осындай қиындыққа тап болған тағы бір жұп бар, олардың арасында айқасқан үйлесімділік анықталады және ауыстырып қондырудың мүмкін және заңды болып табылатындықтан, құжаттар ресімделеді.

Сол уақытта, халық арасында «бөлшектеліп кетпеу», «ағзаларың қажет болса, жаныңды сақтап қалуға ешкім болыспайды» деген ойлар таралуда. Ағзаларды алумен айналысатын дәрігерлерге деген көзқарас онсыз да күмәнді болған, ал енді олар тіпті қайтыс болған адамның ағзаларын алуға рұқсат сұрау үшін туыстарына жақындауға да қорқады. Себебі үзілді-кесілді бас тартудан басқа, қайтыс болған адамның туыстарынан жағымсыз сөздер естігілері келмейді.

- ҚР бойынша күту парағында 2758 адам тұр, - деп түсіндіреді Сергей Белых. – Бұл реципиенттерді, донорларды және күту парағының статистикасын есепке алатын, сондай-ақ, донорлық ағзаларды бөліп таратумен айналысатын трансплантология және транспланттауды үйлестіру қызметінің цифрлары. Бізде, өкінішке орай, бөліп тарататын ағза жоқ. Бұл былтырғы жыл ортасының сандары. Бүгінде олар сондай шамалас.

Жеті өмірді құтқару

Бір қайтыс болғаннан кейінгі донор жеті (!) адамға өмір сыйлай алады. Ол екі бүйрегін, бауырын, жүрегін және екі өкпесін, көздің қасаң қабығын береді. Ойланыңызшы. Басты рөлді Уилл Смит сомдаған «Жеті өмір» фильмін көріңіз. Бұл фильмнің түрткісі дұрыс.

- Біздің елімізде бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе және жүрек/өкпе кешені, ұйқы безі ауыстырып қондырылады, аш ішекті ауыстырып қондыру жөніндегі бір жұмыс орындалған, - деп жалғастырады Сергей Белых. – Тірі донор бір бүйрегімен, бауырының бір бөлігімен бөлісе алады. Бірақ, бір бүйрекпен өмір сүрудің асқыну қаупі бар. Сондықтан қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамытқан жөн. Бүкіл әлемде олардың қатынасы шамамен 80% (қайтыс болғаннан кейінгі донорлық) 20% (тірі донорлық). Трансплантологияда бір миллион халыққа шаққандағы қайтыс болғаннан кейінгі донорлар саны көрсеткіші бар. Бізде бір миллион халыққа бұл көрсеткіш 0,5 құрайды. Біздің жанымызда Гватемала мен Никарагуа – біздің қоғамның даму деңгейі осындай. Қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтағы көшбасшы – Испания. Олардың көрсеткіші – 46,9. Яғни, 1 миллион халыққа 46-47 қайтыс болғаннан кейінгі донор! Егер дін жайлы айтатын болсақ, Испания діни нанымдары терең католиктік ел. Екінші орында Хорватия – 33 қайтыс болғаннан кейінгі донор, ал үшінші орында – АҚШ – бір миллион халыққа 32 қайтыс болғаннан кейінгі донор.

Өкінішке орай, бұл тізімде Қазақстан астынан санағанда үшінші орында. Трансплантолог дәрігерлер дабыл қағуда: күту парағындағы жүздеген пациенттің тағдыры белгісіз.

- Белоруссияда, мысалы, транспланттауды үйлестіру қызметі сауатты ұйымдастырылған, ол жақта донорлық ағзалар тапшылығы байқалмайды. Бұл елдің азаматтары қайтыс болғаннан кейін ағзаларын құрбандық етудің маңыздылығын түсінді. Сондықтан донорлық бүйректі күтудің орташа уақыты төрт айды құрайды, - дейді трансплантолог. – Бізде Қазақстанда адамның донорлық ағзаны күтумен қайтыс болуы жиірек кездеседі.
Халықтың үрейі негізсіз екенін атап кеткен жөн. Транспланттау шарасын мемлекет заң жүзінде бақылайды. Денсаулық сақтау ұйымы алу кезінде тірі кезінде бұл адамның немесе оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің келіспеуі туралы мәлімдегені жайлы хабардар етілген болса, қайтыс болғаннан кейінгі донордың тіндері мен ағзаларын алуға жол берілмейді. Бұл ретте елімізде қайтыс болғаннан кейін тіндер мен ағзаларды транспланттау үшін алуға келісім презумпциясының үлгісі қолданылады.

- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жанында Республикалық транспланттауды үйлестіру орталығы бар. Ол бастапқы желінің медициналық ұйымдарымен, санитариялық авиациямен, донорлық стационарлармен, транспланттау орталықтарымен және тіндік типтеу зертханасымен өзара әрекеттеседі, донор-реципиент жұптарын сәйкестікке іріктейді. ҚР донорлық стационарлардың саны 37, оның ішінде Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медицина орталығы да бар. Мұнда менің күнім түн ішінде бас миының клиникалық өлімі расталды ма, бізде әлеуетті донорлар бар, соны анықтаудан басталады, - дейді Сергей Белых. – Барлығы Денсаулық сақтау министрлігінің әділет органдарымен келісілген бұйрықтарымен реттеледі. Дәрігерлер мен транспланттауды үйлестірушілер тарапынан ешқандай өз бетімен әрекет ету болуы мүмкін емес.

ҚР бойынша бүгінгі күні бес транспланттау орталығы жұмыс істейді: Нұр-Сұлтандағы жүректі және өкпені ауыстырып қондыру жүргізілетін Ұлттық кардиохирургия орталығы, сондай-ақ, Трансплантология және онкология ұлттық орталығы, Ана және бала орталығы, Сызғанов ат. Хирургия ғылыми орталығы, Ақтөбедегі бұрынғы облыстық аурухана және Алматы мен Нұр-Сұлтандағы көздің қасаң қабығын ауыстырып қондыру жүргізілетін көз аурулары ҒЗИ.

- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы транспланттауды үйлестіру қызметі 2012 жылы қалыптастырылған, онда республикалық деңгейдегі үш транспланттаушы үйлестіруші маман жұмыс істейді. Донорлық базаға қолжетімділік оларда ғана бар, - деп жалғастырады дәрігер. – Әрбір қазақстандық құжаттарды ресімдеу арқылы қайтыс болғаннан кейін ағзаларын немесе тіндерін пайдалануға рұқсат бере немесе тыйым сала алады, бұл деректер қорға енгізіледі. Өткен жылдың ішінде елімізде 193 ағзаны транспланттау жүргізілді (бүйрек – 133 тірі донордан және 13 мәйіттік донордан, бауыр – 34 тірі донордан және 6 мәйіттік донордан, жүрек – 9, өкпе – 4, көздің қасаң қабығы – 14). Бұл өте аз. Салыстыру ретінде, өткен жылы АҚШ-та мұндай 12 мың операция жасалды.

2016-2017 жылдары ҚР транспланттау қызметі жоғары өрледі, бірақ, былтырғы белгілі оқиғалардан кейін төмендей бастады. Бұл тақырыпты көп қозғамауға тырысамыз. Адамдар ағзалар байлардың өмірін жақсарту, үлкен ақшаға сату үшін қажет деген ой бар. Бірақ бүкіл әлемде транспланттау тегін. Ауыстырып қондыруға мұқтаж адамдар – мүгедектер. Оларға ақша қайдан келеді?

Пациентті ағзаларға «бөлшектеу» мүмкіндігіне қатысты үрей орынсыз. Өлімі ресми түрде тіркелген адам ғана донор бола алады. Ол үшін бас миының өлімі расталуы тиіс, бұл негізгі өлшемшарттардан бастап, электроэнцефалография, церебральдық ангиография, ЯМР-ангиография, доплер ультрасонографиясы, сцинтиграфия тәрізді қосымша зерттеулерге дейін көптеген факторларға байланысты күрделі шара.

- Демек, біздің қателесуге құқығымыз жоқ және бас миының өлімі анестезиолог-реаниматолог, невролог, нейрохирургтан тұратын дәрігерлердің комиссиясымен дәлелденуі тиіс. Өлім диагностикасына трансплантологтар жіберілмейді, бұл транспланттау қызметінің мүдделерін қолдауды болдырмау үшін жасалады, - деп атап өтеді. – Егер туыстары ағзаларды алуға қарсы болмаса, әлеуетті донорды шұғыл тексеру басталады. АИТВ, гепатиттер, мерез және басқа инфекцияларға тексеру міндетті болып табылады. Клиникалық диагноздардың болуы анықталады. Егер адам инфекция жұқтырмаған болса, механизм қосылады. Мұндай операцияларға өзім қатысамын және мәйіттік бүйректі қанағымға қосып, үшінші минутта ол несеп бере бастаған сәттер – баға жетпес. Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық – игі іс. Бір жақта бүйректі мәйітпен бірге жерге көміп тастау, басқа жақта – оның жаңа иесінің өмірін құтқаруы. Адам өмірін сақтап қалғаннан артық не бар.

Қазақстанда 2018 жылы бас миының өлімі диагнозымен 775 адам тіркелді. 2019 жылы – 924 адам. Бұл ретте өткен жылы тек 9 мультиағзалық алу орындалды. Транспланттаудың жүргізілмеуінің себебі – донорларда анықталған инфекциялар және жағдайлардың көпшілігінде – туыстарының үзілді-кесілді бас тартуы болды. ҚР күту парағы 2500 адамнан артық. Бұл жай ғана сан емес, Александр Герман тәрізді адамдардың өмірі. Соңғы екі жылда осындай адамдардың қаншасының өмірін құтқару мүмкін болды?

Адамзат басқа алмастыратын ағзаны әлі ойлап тапқан жоқ, ауыстырып қондыруға мұқтаж адамдарға көмектесудің мәйіттік донорлықтан басқа тәсілі жоқ. Барлығымыз бір күні о дүниелік боламыз. Қашан және неден екені белгісіз. Бірақ, әрбіреуіміз өзімізден кейін естелік қалдыруымыз керек. Біреуге өмір сүруге мүмкіндік беріп, бұл әлемге өзіңіздің бір бөлігіңізді сыйлау дұрыс емес пе? Тіпті, жеті адамға өмір сыйлай аласыз.

P.S. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, гемодиализдегі науқастарға, сондай-ақ, химиотерапиядан және өмірді қолдау үшін басқа да міндетті емдеуден өтетін адамдарға облыс орталығына кіру және шығу үшін арнайы рұқсаттар беріледі. Оларды алу туралы пациенттер емделетін медициналық ұйымдардан білуге болады.

Статистика

ШҚО транспланттауға мұқтаж адамдардың күту парағы:

  • бүйрек - 247 (оның ішінде 3 бала)
  • бауыр - 18
  • жүрек - 9

2019 жылы ҚР алынған донорлық ағзалардың саны бар болғаны 46:

  • Бүйрек: 13
  • Бауыр: 6
  • Жүрек: 9
  • Өкпе: 4
  • Көздің қасаң қабығы: 14

2019 жылы ҚР - 9 мультиағзалық алу.

  • РФ - 639
  • АҚШ - 11 648

Тақырып бойынша

Гемодиализ – жіті және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі қанды бүйректен тыс тазарту әдіс. Гемодиализ кезінде организмнен зат алмасудың улы өнімдері тазартылып, су және электролит теңгерімдерін қалпына келтіріледі.

Келісім презумпциясы жайлы пікір.

Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін ағзалар мен тіндерді транспланттау мақсатында алуға келісім презумпциясы әрекет ететіні жайлы әр түрлі адамдардан сұрадық. Олар кімді қолдайды? Кез келген адамның басына төнуі мүмкін, ескісінің орнына жаңа ағзаға мұқтаж тірілерді ме, әлде денесінде жан жоқ өлілерді ме. Қызықтыратын жай – көпшілігі мәйіттік донорлықты және кейінгі транспланттау үшін ағзаларын немесе тіндерін алуға келісім презумпциясын қолдайды. Демек, біздің қоғам маңызды әрі дұрыс шешімдерді қабылдауға ішінара дайын ба?

Инна, 33 жас, менеджер:
- Бұл сұраққа бір жақты жауап беру ауыр, себебі әрбіреуінің нанымдары мен діні бар. Бір жағынан, бұл басқа адамның денесінде жалғасу және игі іс. Бірақ менің санам мұндай болмысты қабылдаудан әлі бас тартады. Бастысы, «Денсаулық туралы» Кодекске жаңалықтар енгізілгеннен кейін «қайтыс болғандар» санын «жасанды» өсірудің басталмауы. Бұл тіпті медицина мекемелері жайлы емес. Бұл тақырып ешкімде күмән туындамайтындай дәрежеде пысықталуы тиіс. Сонда мәйіттік донорлыққа деген көзқарас көпшіліктің санасында оң қарауы мүмкін.

Жанар, 26 жас, педагог:

- Қайтыс болғаннан кейін біреудің өмірін құтқара аламын деп ойлаймын, мен ағзаларымды беруге дайынмын, мен өлгеннен кейін олардың қажеттілігі жоқ, бірақ менің бүйрегім, өкпем, жүрегім біреуге өмір сүру мүмкіндігін сыйлауы мүмкін. О дүниеде жаратылған күйімізде келмегеніміз үшін емес, істерімізге қарап сынайды деп ойлаймын. Бұл істер игі болғаны дұрыс.

Сергей, 34 жас, энергетик:

- Донорлық ағзалар тапшылығы бар болса және пациенттер үшін аман қалудың басқа жолы болмаса, мәйіттік донорлықты қолдану қажет. Бірақ, заң қолданысқа енгізілсе, адамдарды пайда көру үшін өлтіреді деген күдік бар…

Алексей, 18 жас, студент:

- Жалпы мен келісім презумпциясы мен мәйіттік донорлықты қолдаймын, себебі оны көпшілік қолдаса, көптеген адамның өмірін құтқаруға болады. Күту парағына кезекке тұрудан ешкім қорғалмаған. Күндердің бірінде ол менің де өмірімді құтқаруы әбден мүмкін.

Қайрат, 42 жас, мәдениет саласының қызметкері:

- Діни себептермен мәйіттік донорлыққа үзілді-кесілді қарсымын, себебі о дүниеге жаратылған күйіңде баруға тиіссің. Табиғаттың Заңын бұзуға болмайды. Осы өмірге келген күйімде қайтамын.

 

Толығырақ https://ustinka.kz/kazakhstan/ust-kamenogorsk/53907.html

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау