KZ

Қазақстан Республикасында ағзалық донорлық мәселелері бойынша халық арасында сауалнама жүргізу

Толығырақ

Туркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасында донорлық пен трансплантацияны дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Толығырақ

Әлеуметтік жауапкершілік актісі туралы!

Толығырақ

Ұйым туралы негізгі ақпарат

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТЖТМҚҮРО» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін дамытуға жәрдемдесу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін үйлестіру болып табылады.

ТЖТМҚҮРО қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту болып табылады.

Транспланттау қызметін үйлестіру ТЖТМҚҮРО тәулік бойы режимінде жүзеге асырылады. Транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында өкілдіктер құрылған. Елде бүгінгі күні ағзаларды алу жүзеге асырылатын 40 донорлық стационар, транспланттау бойынша ота жүргізуге лицензиясы бар 7 транспланттау орталығы қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ХИРУРГТАР ҮШ ДОНОРЛЫҚ АҒЗАНЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУДЫ ЖҮРГІЗДІ

Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды. ...
Толығырақ

Алматы облысында 400-ге жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде 2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да...
Толығырақ

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы»

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы» 14.02.24 ...
Толығырақ

E-gov порталында ерік білдірушілер

E-gov порталында ерік білдірушілер Подробнее... ...
Толығырақ

"Есірткіге, шылымға құмар адамдар мәйіт доноры бола алады": сарапшы пікірі Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/preview/88148dca4c669cdf6f1a4673747

https://massaget.kz/preview/88148dca4c669cdf6f1a467374714aba...
Толығырақ

️Трансплантаттау мақсатында ағзалардың және тіндердің қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі...

https://www.youtube.com/watch?v=NUClbycUtbI&t=1s...
Толығырақ

Біздің серіктестер

Ағзаларды транспланттау туралы заңға сәйкес, Украинаның әрбір кәмелетке толған азаматы қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беруі немесе бас тартуы мүмкін. Ол туралы ақпарат Бірыңғай мемлекеттік транспланттау ақпараттық жүйесіне енгізілетін болады.

Украинада 1 қаңтарда №2427-VIII «Адамның анатомиялық материалдарын транспланттауды қолдану туралы» заңы күшіне енді, деп хабарланады Жоғарғы Рада сайтында.

Заңға сәйкес, Украинаның әрбір кәмелетке толған азаматы қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беруі немесе бас тартуы мүмкін. Ол туралы ақпарат төлқұжатқа немесе жүргізуші куәлігіне енгізілуі мүмкін, сондай-ақ, қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім туралы мәліметтер міндетті түрде Бірыңғай мемлекеттік транспланттау ақпараттық жүйесіне енгізілетін болады.

Кәмелетке толған әрбір украиналық қайтыс болғаннан кейін ол үшін донорлық туралы шешім қабылдайтын уәкілетті тұлғаны да тағайындай алатын болады.

Егер тірі кезінде адам донорлыққа қарсы болса, оның ағзалары транспланттау үшін пайдаланылмайды.      

Заң транспланттауға рұқсат алатын ешкім болмаса, донорлыққа құқық қорғаушылар, сот-медициналық сараптаушылар немесе сот инстанциялары қарсы болса, анатомиялық материалдарды пайдалануға тыйым салады.

Донбасс соғысының ардагерлері, жетім балалар, іс-әрекетке қабілетсіз және жеке басы анықталмаған тұлғалар қайтыс болғаннан кейінгі донор бола алмайды.

Сонымен бірге, жазасын өтеп жатқан тұлғалар, шетелдіктер және Украинада заңсыз тұрып жатқан азаматтығы жоқ тұлғалар, ауыр психикалық бұзылыстары бар тұлғалар, ауыр сырқаттары бар пациенттер, жүкті әйелдер және ағзасын немесе ағзасының бір бөлігін транспланттау үшін бұдан бұрын бергендер тірі кезінде донор бола алмайды.

Ағзаларды транспланттауды рұқсат ететін заң жобасын Жоғарғы Рада 2018 жылғы 17 мамырда қабылдады. Украина Президенті Петр Порошенко құжатқа 19 шілдеде қол қойды.

27 желтоқсанда Украинаның министрлер кабинеті донорлыққа келісім беру тәртібін бекітті. Ол Бірыңғай мемлекеттік транспланттау ақпараттық жүйесіне енгізілетін болатын азаматтардың мүмкін донорлыққа қатысты ерік білдірулерінің бір қатар жазбаша нысандарын бекітеді. «Жеке тұлға ұсынуы мүмкін өтініштер саны шектелмеген. Одан басқа, өтініштің жаңа нысанын ұсынудан кейін оның алдындағы өтініштің әрекет етуі автоматты түрде жойылады. Демек, донор болу немесе болмау туралы шешімді адам өмір бойы өзгерте алады», – деп хабарлайды Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі.

Ағзаларды транспланттау туралы заңға сәйкес, Украинаның әрбір кәмелетке толған азаматы қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісуге немесе одан бас тартуға құқылы. Ол туралы ақпарат Транспланттаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

Жоғарғы Рада сайты 1 қаңтарда Украинада №2427-VIII «Адамның анатомиялық материалдарын транспланттауды қолдану туралы» заң күшіне енгізілгенін хабарлайды.

Заңға сәйкес, Украинаның әрбір кәмелетке толған азаматы қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісуге немесе одан бас тартуға құқылы. Ол туралы ақпарат төтқұжатқа немесе жүргізушінің куәлігіне енгізілуі мүмкін, сондай-ақ, қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісу туралы мәлімет міндетті түрде Транспланттаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

Әрбір кәмелетке толған украиналық ол қайтыс болғаннан кейін донорлық туралы шешім қабылдайтын уәкілетті тұлғаны да тағайындай алады.

Егер тірі кезінде адам донорлыққа қарсы болса, оның ағзалары транспланттау үшін пайдаланылмайды.      

Транспланттауға рұқсат алатын ешкім болмаған, донорлыққа құқық қорғаушылар, сот-медициналық сараптаушылар немесе сот инстанциялары қарсы болатын жағдайда анатомиялық материалдарды пайдалануға заңмен тыйым салынады.

Донбасс соғысының ардагерлері, жетім балалар, іс-әрекетке қабілетсіз танылған және жеке басы куәландырылмаған тұлғалар қайтыс болғаннан кейін донор бола алмайды.

Сондай-ақ, жазасын өтеп жатқан тұлғалар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ, Украинада заңсыз тұрып жатқан тұлғалар, ауыр психикалық бұзылыстары бар адамдар, ауыр сырқаттары бар пациенттер, жүкті әйелдер және ағзасын  немесе оның бөлігін транспланттау үшін бұрын ұсынғандар тірі кезінде донор бола алмайды.

Ағзаларды транспланттауды рұқсат ететін заң жобасын Жоғарғы Рада 2018 жылдың 17 мамырында қабылдады. Украина Президенті Петр Порошенко құжатқа 19 маусым күні қол қойды.

27 желтоқсанда Украинаның Министрлер кабинеті донорлыққа келісім беру тәртібін бекітті. Ол азаматтардың мүмкін донорлыққа қатысты Транспланттаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгізілетін ерік білдіруіне арналған бір қатар жазбаша нысанын бекітеді. «Жеке тұлға ұсынуы мүмкін өтініштер саны шектелмеген. Одан басқа, өтініштің жаңа нысанын ұсынған жағдайда, бұрынғысы автоматты түрде жойылады. Демек, донор болу немесе болмау шешімін адам уақыт өте өзгерте алады", – деп хабарлайды Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі.

https://gordonua.com/news/politics/v-ukraine-1-yanvarya-vstupil-v-silu-zakon-o-donorstve-626750.html

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау