KZ

Қазақстан Республикасында ағзалық донорлық мәселелері бойынша халық арасында сауалнама жүргізу

Толығырақ

Туркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасында донорлық пен трансплантацияны дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Толығырақ

Әлеуметтік жауапкершілік актісі туралы!

Толығырақ

Ұйым туралы негізгі ақпарат

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТЖТМҚҮРО» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін дамытуға жәрдемдесу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін үйлестіру болып табылады.

ТЖТМҚҮРО қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту болып табылады.

Транспланттау қызметін үйлестіру ТЖТМҚҮРО тәулік бойы режимінде жүзеге асырылады. Транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында өкілдіктер құрылған. Елде бүгінгі күні ағзаларды алу жүзеге асырылатын 40 донорлық стационар, транспланттау бойынша ота жүргізуге лицензиясы бар 7 транспланттау орталығы қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар

Құрметті отандастар!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны салдарынан туындаған қиын жағдайға байланысты үндеу жасап, табиғи апатқа бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, төтеп беруге шақырды. ...
Толығырақ

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ХИРУРГТАР ҮШ ДОНОРЛЫҚ АҒЗАНЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУДЫ ЖҮРГІЗДІ

Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды. ...
Толығырақ

Алматы облысында 400-ге жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде 2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да...
Толығырақ

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы»

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы» 14.02.24 ...
Толығырақ

E-gov порталында ерік білдірушілер

E-gov порталында ерік білдірушілер Подробнее... ...
Толығырақ

"Есірткіге, шылымға құмар адамдар мәйіт доноры бола алады": сарапшы пікірі Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/preview/88148dca4c669cdf6f1a4673747

https://massaget.kz/preview/88148dca4c669cdf6f1a467374714aba...
Толығырақ

Біздің серіктестер

Қазақстанда бір адамның ағзалары бірден бес пациентке алғаш рет ауыстырып қондырылды.

Жүректі, өкпені, бауырды және екі бүйректі ауыстырып қондыру бойынша операциялар астанада және Алматы қаласында жасалды. Дәрігерлер мұны ерекше жағдай деп айтады.

Оның себебі - Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлық ұғымы аз дамыған. Қайтыс болған адамдардың туыстарының 60% артық бөлігі өмір үшін күресіп келе жатқан пациенттерге ағзаларды табыстаудан бас тартады. Нәтижесінде жыл сайын күту парағындағы 100 артық адам қайтыс болады.

Өткен дүйсенбіде тек бір ер адам бірден бес қазақстандықтың өмірін құтқарды. 30-жасар павлодарлық қан қысымының жоғарылауынан азап шеккен. Бассүйек ішіне қан құйылуымен ауруханаға түскен. Дәрігерлер бас миының өлімін растады. Ер жігітті құтқару мүмкін болмады. Сол кезде медиктер оның туыстарына хабарласты. Ер адамның ағзалары бірнеше пациентке көмектесе алатын еді.

Юрий Пя, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы:

- Жағдайды пайдалана отырып, біздің орталықтың және басқа емханалардың медиктерінің атынан донордың ағзаларын алуға рұқсатын берген оның туыстарына үлкен алғыс білдіргім келеді.

Алынған ағзалар санавиациямен астанадағы төрт пациентке және Алматыдағы бір пациентке жіберілді. Пациенттердің жаңа ағзаларымен өмір сүргеніне бесінші күн, олар сауығу жолында. Олардың біріне бауыр ауыстырып қондырылды. Уақытында жүргізілген операцияның арқасында ол өмір сүретін болды. 

Олег Новожилов, пациент:

- Қазақстанда осындай донорлыққа араласу өте қажет. Бір адам көптеген өмірді құтқара алады.

Болатбек Баймаханов, «А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО» басқарма төрағасы:

- Туыстарының келісім беруі – олардың саналы, игі іс жасағаны. Бірақ, 13 айдың ішінде бұл бірінші транспланттау жағдайы. Осы уақыттың ішінде бауырды күту парағындағы адамдардың 60% қайтыс болды. Біз оларды шақыра бастағанда, көз жұмғандарын білдік. Өкінішті. Күн сайын донорлар болады, біздің отандастарымыздың барлық қажеттіліктерін жабуға мүмкіндік бар.

2012 жылдан бастап, елімізде трансплантология белсенді дами бастағалы, мәйіттік ағзалардың арқасында 373 адам ары қарай өмір сүру мүмкіндігін алды. Мамандар қайтыс болған донорлар құтқарған өмірлер саны одан да артық болуы мүмкін екенін атап өтеді. Бірақ, қазақстандық қоғам әлі оған дайын емес. Әдетте туыстары қайтыс болған адамның донор болуына рұқсаттарын бермей жатады.

Әділ Жұмағалиев, ҚР ДСМ Транспланттауды үйлестіру жөніндегі РО директорының м.а.:

- Трансплантация – ең алдымен, ағзаларды сату деген пікір бар. Мен бұл мәселеге басқар жағынан қарау керек деп айтар едім. Қазақстанда ағзаларды сату, заңға қайшы әрекеттер үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік шаралары қарастырылған, сондықтан, Қазақстанда «қара» трансплантология таралған деп айтуға болмайды. Бас тартудың себебі – ақпараттың тапшылығы болып табылады.

Нәтижесінде бүгінде Қазақстанда транспланттауға күту парағында 2772 адам тұр, олардың 77 – балалар. Жыл басынан бастап операцияға жетпей 48 адам қайтыс болды. Дәрігерлер қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың дамуы мыңдаған қазақстандықтарға өмір сыйлайтынына сенімді.

Юрий Пя, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы: 

- Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық – қоғамның саналығы. Ішкі жауапкершіліктің белгісі. Өзім жайлы айтсам, бас миымның өлімі расталатын болса, ағзаларымды басқа пациенттерге көмектесу үшін беруге дайынмын, себебі қайтыс болғаннан кейін олар ешкімге қажет емес. Бірақ адамдарға көмектесе алатын болсам, көмектесуім керек.

Қазақстанда қайтыс болған донорлардан транспланттау тегін жасалады. Лайықты ағзалар мен туыстарының келісімімен біреудің өмірін құтқару мүмкіндігі туралы ақпарат электрондық дерекқорға енгізіледі. Оған ауыстырып қондыруды күту үстіндегі адамдар да кіреді. Операциялар кезек тәртібінде жүргізіледі. Бұл ретте пациенттердің әлеуметтік мәртебесі мен қаржылық мүмкіндігі есепке алынбайды.
 

Дереккөз: https://khabar.kz/ru/news/obshchestvo/item/125139-organy-umershego-kazakhstantsa-spasli-zhizn-srazu-pyaterym-patsientam
 

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау