KZ

Маңғыстау облысында 120 адам ағзаларды ауыстыруға кезекте тұр. Олардың басым бөлігіне бүйректі ауыстырып қондыру қажет. Бұл туралы ҚКО негізінде Республикалық трансплантология орталығының өңірлік филиалының үйлестірушісі, анестезиолог-реаниматолог Индира Аманқосқызы хабарлады.

Маңғыстау облысы ҚКО фотосуреті

Спикердің айтуынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанында донорлық бүйректі күтумен екі адам қайтыс болған. Екі науқас жүректі ауыстырып қондыруды күтуде, тағы екеуі бауырды ауыстыру үшін кезекте тұр, бірақ науқастардың басым бөлігі - 110 пациент бүйрек трансплантациясына мұқтаж. Олардың ішінде әр түрлі жастағы төрт бала бар.

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы бұйрығына сәйкес Маңғыстау облыстық ауруханасы Маңғыстау облысында донорлық стационар болып табылады. 2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ауруханада 29 өлім жағдайы тіркелді, оның ішінде 18-62 жас аралығындағы ықтимал донор болуы мүмкін 11 (37,9 пайыз) жағдай. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап үш ай ішінде өңірдің екі тұрғынына бүйрек пен бауырды ауыстырып салу операциясы жүргізілді. Бұл ретте Маңғыстау облысында Қазақстанда трансплантологияны дамытудың барлық кезеңінде қайтыс болғаннан кейін ықтимал донорды өзектендірудің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ,-деп хабарлады Республикалық трансплантология орталығының өңірлік филиалының үйлестірушісі, анестезиолог-реаниматолог Индира Аманқосқызы.

Маманның айтуынша, ағзалық донорлық пен трансплантацияны өңірлік деңгейде дамыту мақсатында бірқатар шаралар қабылдау қажет, оның ішінде өңір тұрғындары арасында донорлықты дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру, бас миының өлімі клиникалық диагнозын растау үшін мамандарды оқытуды ұйымдастыру қажет. Бұдан басқа, маман донорлық ұйымды бас миының біржола семуін растау үшін қажетті тиісті медициналық жабдықпен және т.б. толық жарақтандыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті.

- Жоғарыда көрсетілген шараларды қабылдау өңірде, сондай-ақ жалпы ел бойынша трансплантология мен қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамытуға ықпал ететін болады, - деп атап өтті Индира Аманқоскызы.

Индира Аманқосқызының мәліметінше, Қазақстанда 2022 жылдың 1-тоқсанында 44 трансплантация жасалды, оның ішінде тірі кезінде донордан 37 (84 пайыз) және қайтыс болғаннан кейінгі донордан 7 (16 пайыз) операция жасалды.

Қазір бүйректі ауыстырып қондыруды 3254 адам, бауырды – 172, жүректі – 153 науқас күтуде.

- 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда 2000-нан астам трансплантация жасалды, әрбір бесінші трансплантация қайтыс болғаннан кейінгі донордан болды. Қазақстанда туыстық транспланттаудың үлесі осындай шаралардың жалпы санының 80,2 пайызын құрайды, ал Еуропа елдерінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан ағзаларды транспланттау басым болады, - деп қорытындылады Индира Аманқоскызы.

 

  

Дереккөз:https://www.lada.kz/aktau_news/society/100615-v-peresadke-donorskih-organov-nuzhdayutsya-120-zhiteley-mangistau.html

 

08.04.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны салдарынан туындаған қиын жағдайға байланысты үндеу жасап, табиғи апатқа бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, төтеп беруге шақырды. ...
Подробнее
11.03.2024
Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды. ...
Подробнее
22.02.2024
Елімізде 2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да жылдам көмек қажет. Өкпе-жүрек кешені және өкпеден ауыстыратын 15 адам, 138 адамның жүрек ауруының емі де донорлыққа мұқтаж. ...
Подробнее
20.02.2024
Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы» 14.02.24 ...
Подробнее
09.02.2024
E-gov порталында ерік білдірушілер Подробнее... ...
Подробнее

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау