KZ

Әлеуметтік жауапкершілік актісі туралы!

Толығырақ

Қазақстандағы транспланттауды үйлестіруші дәрігер

Толығырақ

Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық - жаңа өмірге мүмкіндік

Толығырақ

Ұйым туралы негізгі ақпарат

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТЖТМҚҮРО» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін дамытуға жәрдемдесу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін үйлестіру болып табылады.

ТЖТМҚҮРО қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту болып табылады.

Транспланттау қызметін үйлестіру ТЖТМҚҮРО тәулік бойы режимінде жүзеге асырылады. Транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында өкілдіктер құрылған. Елде бүгінгі күні ағзаларды алу жүзеге асырылатын 40 донорлық стационар, транспланттау бойынша ота жүргізуге лицензиясы бар 7 транспланттау орталығы қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар

Дефицит донорских органов

Больше трёх тысяч казахстанцев нуждаются в пересадке внутренних органов В Казахстане не хватает доноров внутренних органов. В пересадке почек, печени или сердца нуждаются больше трёх тысяч человек, но очередь практически...
Толығырақ

Онлайн-совещание по вопросам подготовки трансплантационных координаторов между РЦКТВМУ МЗ РК и Turkiye Organ Nakli Vakfi (Фонд трансплантации органов

По инициативе РГП на ПХВ «Республиканский центр по координации трансплантации и высокотехнологичных медицинских услуг» Министерства здравоохранения Республики Казахстан (далее РЦКТВМУ) состоялась встреча с руководством Turkiye Organ Nakli Vakfi (Фонд трансплантации...
Толығырақ

Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық - өмір құтқарудың жолы!

Кеше, 2022 жылғы 7 қыркүйекте донорлық ұйымдардың бірінде транспланттаушы үйлестірушілердің күшімен қайтыс болғаннан кейінгі ықтимал донор анықталды, туыстары оның ағзаларынан алуға және кейіннен «күту парағындағы» мұқтаж адамдар үшін транспланттауға келісім...
Толығырақ

Онлайн-совещание по вопросам взаимодействия с фондом DTI (Donation and transplantation institute), Испания, Барселона и РЦКТВМУ МЗ РК

12 августа 2022 года по инициативе РГП на ПХВ «Республиканский центр по координации трансплантации и высокотехнологичных медицинских услуг» Министерства здравоохранения Республики Казахстан (далее - РЦКТВМУ) при поддержке ВОЗ состоялась встреча с...
Толығырақ

Қызылжарлық жалғызбасты әке жүрек ауыстыруға мұқтаж

...
Толығырақ

Қазақстанда алғашқы жүрек трансплантациясының 10 жылдығы!

8-11 тамыз аралығында Нұр-сұлтан қаласында алғашқы жүрек трансплантациясының 10 жылдық мерейтойына орай ағзаларды транспланттауды бастан өткерген және диализдегі адамдар арасында республикалық спорттық жарыстар өткізіледі. ...
Толығырақ

Біздің серіктестер

Қостанай облысының тұрғыны бүйрегін ауыстыруға ақша жинап жатыр. Мұндай операция біздің өңірде елуге жуық адамға қажет.

«Болмайтын сынды...»

Ляйля Карабаева, Қостанай облысының өңірлік транспланттаушы үйлестірушісі.

 

– Бүйректі транспланттау механизмі қалай жұмыс істейді?

– Қазақстанда транспланттауды реттейтін негізгі заң - бұл Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс. Бүйректі ауыстырып салудың екі түрі бар – тірі кезіндегі және қайтыс болғаннан кейінгі. Біріншісі жақын туыстардан жасалады. «Донор-реципиент» жұбы міндетті түрде үйлесімділікке тексеріледі. Пациентте мидың өлімі расталған кезде, ағзаларды алу туралы сөз қозғалады. Мұны мәйіттік донорлық деп те атайды.

 

– Қазір елімізде ағзаларды ауыстырып салуға келіспеушілік презумпциясы бар. Бұл Қазақстандағы трансплантологияға қалай әсер етті?

 

– Ағзаларды заңсыз трансплантациялады деп айыпталған трансплантолог дәрігермен болған жағдайдан кейін Қазақстанда транспланттау бәсеңдеді. Ол ақталды, бірақ бұл прецедент. Осыдан кейін Кодекске жаңашылдық енгізілді, ол бойынша донор міндетті түрде тірі кезінде ауыстырып салуға келісім беруі тиіс.

 

– Неліктен реципиенттің туысы емес адам тірі кезінде донор бола алмайды?

– Ол сәйкес келуі мүмкін, бірақ болмайтын сынды... Прецедент болған жоқ. Бастысы – тіндік үйлесімділіктің болуы.

 

– Қазақстанда донорлар банкі бар ма?

– Қазақстанда мұндай жағдай жоқ, өйткені ағзалар бірден өз реципиентін табады. Күту парағы бар. Бұл трансплантацияға мұқтаж адамдар енгізілетін жүйе. Адам бүйректі жылдар бойы күте алады. Бұл кезек емес, онда біреу бірінші, біреу соңғы. Өйткені, ағза барлық медициналық параметрлерге сәйкес келуі керек.

 

– Неліктен реципиенттер басқа елді таңдайды?

– Бұл әр адамның жеке ісі. Біздегі технологиялар озық. Бүйрек қабылданбауы мүмкін. Бұл сирек кездеседі. Мұндай жағдайда пациент қайтадан гемодиализге ауыстырылады.

 

12 сағат

Алдымен - созылмалы пилонефрит, 2008 жылы гло¬мерулонефрит басталды, 2020 жылы Анна Прутникова гемодиализге жіберілді. Бүйректі ауыстыру үшін қажетті сома - 40 миллион теңге.

– Үлкен қызым 24 жаста. Ұлым он жаста. Ол менің ауруым туралы, ақша жинап жатқанымызды білген кезде, өзінің жинақ сандықшасын әкеліп берді. Күйеуім бүйрегін бергісі келді, бірақ қандас туыс болмағандықтан, болмайды деді.

Анна 43 жаста, Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылында франшиза бойынша жұмыс істейтін медициналық зертхананың филиалын басқарады. Егер ол жалдамалы жұмысшы болса, жұмыстан шығуға тура келуші еді – гемодиализ көп уақытты талап етеді. Сол ауданның Май ауылында тұрады. Гемодиализге Рудный қаласына барады - сеанс аптасына үш рет төрт сағаттан өтеді.

 

– Туған ағам мен әпкем, немере ағам бүйректі беруге дайын болды. Елордаға бардық. Сәйкес келмеді. Көптеген достарым маған көмектескісі келді. Бірақ ауруханада тек туыстары ғана деп, бас тартты. Ағзаны ауыстырып қондыруға мұнда мүмкіндік жоқ екені белгілі болды.

 

Анықтама

 

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 210-бабында былай делінген: «Он сегіз жастағы және одан үлкен, әрекетке қабілетті, реципиентпен генетикалық байланыстағы және (немесе) онымен тіні үйлесетін, ағзасын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) одан әрі трансплантаттау үшін алуға жазбаша нотариат куәландырған келісімін білдірген адам ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезінде доноры бола алады». Алайда, іс жүзінде дәрігерлер донорыңыз қандас туысыңыз болмаса, үйлесімділікке тексеру тағайындаудан бас тартады.

Арайлым Аманқұлова, заңгер:

– Егер заңнамада тікелей тыйым салынбаса, дәрігерлер өз қалауы бойынша талап қоя алмайды. Жазбаша бас тартуды алып, оған ӘРПК тәртібінде шағымдану керек. Егер бас тарту негізсіз болса, алдымен жоғары тұрған органға, содан кейін сотқа жүгіну керек. Прецедент құру қажет.

 

Кезекке жету мүмкіндігі

 

Әлеуметтік желіде Анна Беларуссияда, Минскіде осындай операцияға ақша жинайтын өскемендік әйелдің постын көрді.

 

– Мен клиникаға жаздым, маған қазақстандықтар үшін жеке күту парағы бар деп жауап берді. Трансплантология саласындағы заңнама оларда сәл өзгеше. Егер адам тірі кезінде өз ағзаларын беруге қарсы екенін айтпаса, онда ол қайтыс болған кезде ағзаларын алуға туыстарынан рұқсат сұралмайды. Яғни, менде мүмкіндік бар», - дейді Анна.

Ол 40 миллион теңге алым сомасы неден тұратынын түсіндірді. Зерттеу құны – 7,5 мың доллар (қазіргі бағам бойынша 3596475 теңге), оған қоса күту парағына енгізу үшін операция үшін жүз пайыз алдын ала төлем жасау қажет - бұл 60 мың доллар (шамамен 29 млн теңге). Сонымен қатар, жол жүру, тұру, гемодиализ ақысы – шетелдіктер үшін бір сеанс 250 доллар тұрады. Зерттеп-қарау кезінде үш сеанс жасау керек. Бір айдан кейін, ең көбі бір жарым жылдың ішінде шақыруы мүмкін.

Ақша жинау 31 мамырда жарияланды. Осы уақыт ішінде 8 млн теңге жиналды. Олардың бір бөлігін Аннаның отбасы өз күшімен жинады: ата-аналары пәтерін сатып, Аннаның әпкесіне тұруға көшті.

– «Аманат» партиясына, «Варваринское» АҚ-на көмек сұрап жазған. Хабар жоқ. «Қазақстан Халқына» Қорына жүгініп, дәрігерден трансплантация қажет екенін және оны шетелде істеу керектігін растауды сұрады. Дәрігер қазір құжаттарды дайындауда.

 

Құшақтауға да болмайды...

 

Анна бірінші топ мүгедегі. Ол тіпті ұлын қатты құшақтай алмайды, катетер кедергі жасайды. «Мен өте тез шаршаймын, бірдеңе жасаудан гөрі көп жатамын»,-деп шағымданады әйел. Гемодиализде жүргендердің арасында өлім туралы ой уақыт өте келе үйреншікті болады.

 

– Кейде емшараға келген кезде біреуіміздің жоқтығын байқаймыз. Қайда кеткенін сұраймыз. Қайтыс болғанын білеміз, – дейді Анна.

Ол өз дертімен батыл күреседі, өзін күтуге тырысады. Шағымданбайды, бірақ кейде үміті үзіледі...

Аннаға көмектескісі келетіндер үшін оның нөмірі: 8-777-178-63-08.

Келісемін/ келіспеймін

 

2020 жылдан бастап Қазақстанда Денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекс жұмыс істейді. Маңызды жаңалықтардың бірі - қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан бас тартуды немесе келісімді ресімдеу. Бұл келіспеушілік презумпциясының бір түрі. Яғни, егер қайтыс болғаннан кейін ағзаларыңыздың пайдаланылуын қаласаңыз, оны құжаттау керек. Қарсы жағдайда, сіз автоматты түрде қарсы боласыз.

 

«Донорлармен қиыншылық»

 

Қостанай облысы бойынша бас штаттан тыс нефролог Айсұлу ИСМУХАМЕДОВА:

– Реципиенттер - созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысы бар пациенттер. Яғни, олардың екі бүйрегі те жұмыс істемейді. Мұндай пациенттерге бүйректі алмастыратын терапия қажет. Ол үш түрге бөлінеді: бүйректі ауыстырып салу, гемодиализ және перитониальды диализ. Олар бір-бірін алмастырады. Қазақстанда мұндай пациенттердің басым бөлігі гемодиализ алады. Бұл ең қол жетімді әдіс. Біздің облыста жеті гемодиализ орталығы бар, олардың бесеуі Қостанайда, біреуі Рудныйда және жақында Арқалықта ашылды.

 

Бүгінгі таңда Қостанай облысында гемодиализдегі 306 пациент бар. Оның 48-і транспланттауға мұқтаж. Қалғандарында қарсы көрсетілімдер бар: жасы, негізгі аурудың декомпенсациясы, зәр шығару жолдарының инфекциясы, қатар жүретін патология, пациенттің қалауы шешуші рөл атқарады. Қазақстан бойынша үш мың адам донорлық бүйрекке мұқтаж. Қаңтар мен маусым аралығында елімізде 77 реципиентке, Қостанай облысында – біреуіне бүйрек ауыстырып салынды.

 

Статистикаға сүйенсек, диализдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 7-10 жыл, ауыстырып салудан кейін – 15-20 жыл. Бізде трансплантациядан кейін 30 жыл өмір сүрген бір пациент болды. Қазақстанда бүйрек трансплантациясы жасалады. Бірақ донорлар тапшы. Облыста қазір бүйрегі ауыстырылған 19 адам тұрады, өткен жылы екі науқасқа ота жасалды.

Жаһандық медициналық және әлеуметтік проблема – бүйрек ауруларына сақтықпен қараудың төмендігі. Статистикаға сәйкес, әлемдегі әрбір оныншы адам бүйрек жетіспеушілігінен зардап шегеді. Бұл қант диабеті, гипертония, жүйелік аурулар сияқты аурулардың өсуіне байланысты. Олар бүйрек жеткіліксіздігіне, содан кейін оның терминалды сатысына әкеледі. Денсаулықты мұқият бақылау керек.

P.S. Материалды баспаға дайындау кезінде қазір елордада Қостанай облысынан келген ерлі-зайыптылар бүйрек ауыстыру операциясына дайындалып жатқаны белгілі болды. Әйелі өз ағзасын күйеуіне береді - олар тіндік үйлесімділікке тексеруден сәтті өтті. Прецедент бар

 

Алина НАВРОЦКАЯ Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 
Фото  Константин ВИШНИЧЕНКО 

Дереккөз:https://kstnews.kz/newspaper/1249/item-74739

2020. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Нұр-Сұлтанда сайттар жасау және қолдау