KZ

Қазақстан Республикасында ағзалық донорлық мәселелері бойынша халық арасында сауалнама жүргізу

Толығырақ

Туркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасында донорлық пен трансплантацияны дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Толығырақ

Әлеуметтік жауапкершілік актісі туралы!

Толығырақ

Ұйым туралы негізгі ақпарат

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТЖТМҚҮРО» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін дамытуға жәрдемдесу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін үйлестіру болып табылады.

ТЖТМҚҮРО қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту болып табылады.

Транспланттау қызметін үйлестіру ТЖТМҚҮРО тәулік бойы режимінде жүзеге асырылады. Транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында өкілдіктер құрылған. Елде бүгінгі күні ағзаларды алу жүзеге асырылатын 40 донорлық стационар, транспланттау бойынша ота жүргізуге лицензиясы бар 7 транспланттау орталығы қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар

АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

АСТАНАДАҒЫ САРАПШЫЛАР АҒЗАЛАРДЫҢ ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ ...
Толығырақ

Құрметті отандастар!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны салдарынан туындаған қиын жағдайға байланысты үндеу жасап, табиғи апатқа бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, төтеп беруге шақырды. ...
Толығырақ

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ХИРУРГТАР ҮШ ДОНОРЛЫҚ АҒЗАНЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУДЫ ЖҮРГІЗДІ

Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды. ...
Толығырақ

Алматы облысында 400-ге жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде 2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да...
Толығырақ

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы»

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы» 14.02.24 ...
Толығырақ

E-gov порталында ерік білдірушілер

E-gov порталында ерік білдірушілер Подробнее... ...
Толығырақ

Біздің серіктестер

Шетелде қымбат емделуді қажет ететін балалардың ата-аналары «Қазақстан Халқына» қорының көмек көрсетуден бас тартуына шағымданады. Қарағандылық 11 жасар Эмиль Сартаевтың отбасы да осындай жағдайға тап болды.

Баланың жүрегі кез келген уақытта тоқтауы мүмкін, бірақ ата-анасы шетелде емделіп, сауығу мүмкіндігі бар деп санайды. Неліктен қор Эмиль мен басқа да балаларға көмектесуден бас тартты?

Эмильдің жүрегі бүкіл кеуде бөлігіне өсіп, дерлік қан құймайды. Бала елордада емделуде, бірақ дәрігерлер ол үшін аман қалудың жалғыз мүмкіндігі – 18 жасында ағзаны ауыстырып салу дейді. Бірақ баланың осы жасқа дейін өмір сүретініне анасы күмәнданып, алаңдайды. Ол дәл осындай диагнозы бар екі қазақстандық балаға көмектескен Қытайлық клиника тапты. Анасы «Қазақстан Халқына» қорына өтініш жіберген еді, бірақ қор бас тартты.

ЕКАТЕРИНА САРТАЕВА, Эмильдің анасы:

– Менің балам өмір сүргісі келеді! Ол осы республиканың азаматы.

Қазақстанда ата-аналар «Қазақстан Халқына» қорының бас тартуына шағымданып, өз бетінше ақша жинауға мәжбүр. Қорда олар әрбір сырқатнаманы мұқият зерттейтіндеріне сендірді. Мысалы, Эмильге көмек беруден бас тартудың себебі - қытайлық клиниканың дің жасушаларымен тәжірибелік емдеуді ұсынуында. Ешбір дәрігер, ешбір медициналық хаттама мұны ұсынбайды.

АЙКЕРІМ ЕСЕНӘЛІ, «Қазақстан Халқына» қорының ресми өкілі:

– Қамқоршылық кеңес сараптама комитетінің қорытындысына сілтеме жасай отырып, қайырымдылық көмек көрсету туралы шешім қабылдайды. «Қазақстан Халқына» қоры жанындағы сараптамалық комитеттерде тәжірибесі мол, бейтарап, объективті ұстанымы бар мамандар қайырымдылық негізде жұмыс істейді.

Қор мемлекеттен тыс әлеуметтік, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және ТЖ салаларында көмек көрсетеді. Құны арзан басқа емханалар бар болса, ол қымбат шетелдік клиникаларға ақы төлемейді. Немесе жыл сайын құжаттарды қайта тапсыру керек екенін білмейтін квота алмағандарға да. Егер пациент шетелде жақсы емделеді деп санаса да, мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру мүмкін болса, көмек көрсетпейді.

Мысалы, Қазақстанда трансплантация жасалады. Алайда, Қарағанды облысында қайтыс болған адамның туыстары оның ағзаларын ауыстырып салуға беруге келіскен бірде-бір оқиға болған жоқ.

САЛТАНАТ САРИЕВА, Қарағанды облысының өңірлік трансплант- үйлестірушісі, жоғары санатты нефролог-дәрігер:

– Облыс бойынша, әдеттегідей, бұл мәселе өте күрделі. Бізде қайтыс болғаннан кейінгі бірде-бір донация болған жоқ. Ал науқастар саны өсуде. Әсіресе бүйрек трансплантациясына мұқтаж адамдар. Ал, бауыр мен жүрекке мұқтаж науқастардың пайыздық қатынасы, әрине, азырақ.

Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша үш мыңнан астам адам бүйрек, 160 – бауыр, 150 – жүрек, олардың алтауы – балалар трансплантациясын қажет етеді. Олар 18 жыл күтуі керек. Қазақстанда ағзаларды Үндістанда трансплантациялауға квота бөлінді, бірақ пандемияға байланысты тоқтатылды. Тек осы жылдың наурыз айында донорлық ағзаларды күтумен 30-дан астам қазақстандық қайтыс болды.

Дереккөз:https://www.youtube.com/watch?v=j397F1Cd8Ok

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау