KZ

Әлеуметтік жауапкершілік актісі туралы!

Толығырақ

Қазақстандағы транспланттауды үйлестіруші дәрігер

Толығырақ

Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық - жаңа өмірге мүмкіндік

Толығырақ

Ұйым туралы негізгі ақпарат

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТЖТМҚҮРО» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін дамытуға жәрдемдесу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін үйлестіру болып табылады.

ТЖТМҚҮРО қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту болып табылады.

Транспланттау қызметін үйлестіру ТЖТМҚҮРО тәулік бойы режимінде жүзеге асырылады. Транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында өкілдіктер құрылған. Елде бүгінгі күні ағзаларды алу жүзеге асырылатын 40 донорлық стационар, транспланттау бойынша ота жүргізуге лицензиясы бар 7 транспланттау орталығы қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар

Не для всех

Родители детей, нуждающихся в дорогом лечении за рубежом, жалуются, что им отказывают в фонде «Қазақстан Халқына». С такой ситуацией столкнулась и семья 11-летнего Эмиля Сартаева из Караганды. ...
Толығырақ

Өмір донорлары

...
Толығырақ

Трансплантация саласына бөлінетін қаржы жылдан жылға азайып келеді

...
Толығырақ

Маңғыстаудың 120 тұрғыны донорлық ағзаларды ауыстырып қондыруға мұқтаж

Маңғыстау облысында 120 адам ағзаларды ауыстыруға кезекте тұр. Олардың басым бөлігіне бүйректі ауыстырып қондыру қажет. Бұл туралы ҚКО негізінде Республикалық трансплантология орталығының өңірлік филиалының үйлестірушісі, анестезиолог-реаниматолог Индира Аманқосқызы хабарлады....
Толығырақ

Органдарды транспланттау

...
Толығырақ

Трансплантация ағза ауыстыру ахуалы

...
Толығырақ

Біздің серіктестер

 

Құрметті әріптестер! 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, трансплантациялық үйлестіру қызметін дамытуға қосқан адал еңбегі, жеке үлесі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №769 бұйрығымен әріптестеріміз, транспланттаушы үйлестірушілер ведомстволық наградалармен марапатталды:

Сергей Борисович Белых – Шығыс Қазақстан облысының өңірлік транспланттаушы үйлестірушісі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» кеуде белгісі;

Дмитрий Николаевич Потеребух – Павлодар облысының өңірлік транспланттаушы үйлестірушісі, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» кеуде белгісі;

Индира Алтайқызы Семенова – Батыс Қазақстан облысының өңірлік транспланттаушы үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы;

Әлия Әсілбекқызы Иманова – Нұр-Сұлтан қ. стационарлық транспланттаушы үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаты.

Құрметті әріптестер! Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығымен құттықтауға, баршаңызға денсаулық, амандық және Қазақстанның өркендеуі жолындағы еңбекте табыс тілеуге рұқсат етіңіздер.

 

Әділ Жұмағалиев

ТЖТМҚҮРО директоры

 

2020. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Нұр-Сұлтанда сайттар жасау және қолдау