Елімізде 3,5 мыңға жуық адам ағзаларды ауыстырып қондыруды қажет етеді. Оларға жүрек, бауыр және бүйрек қажет. Жыл сайын өмір сүруге екінші мүмкіндігі болмаған жүздеген пациенттер қайтыс болады. Дәрігерлердің айтуынша, сәтті трансплантациялар саны бойынша статистиканы заңның бір ғана жолымен жақсартуға болады.
Ұйым туралы негізгі ақпарат
ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТЖТМҚҮРО» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін дамытуға жәрдемдесу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін үйлестіру болып табылады.
ТЖТМҚҮРО қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту болып табылады.
Транспланттау қызметін үйлестіру ТЖТМҚҮРО тәулік бойы режимінде жүзеге асырылады. Транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында өкілдіктер құрылған. Елде бүгінгі күні ағзаларды алу жүзеге асырылатын 40 донорлық стационар, транспланттау бойынша ота жүргізуге лицензиясы бар 7 транспланттау орталығы қызмет етеді.