KZ

Қазақстан Республикасында ағзалық донорлық мәселелері бойынша халық арасында сауалнама жүргізу

Толығырақ

Туркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасында донорлық пен трансплантацияны дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Толығырақ

Әлеуметтік жауапкершілік актісі туралы!

Толығырақ

Ұйым туралы негізгі ақпарат

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ТЖТМҚҮРО» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін дамытуға жәрдемдесу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметін үйлестіру болып табылады.

ТЖТМҚҮРО қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру және трансплантология ғылымын дамыту болып табылады.

Транспланттау қызметін үйлестіру ТЖТМҚҮРО тәулік бойы режимінде жүзеге асырылады. Транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында өкілдіктер құрылған. Елде бүгінгі күні ағзаларды алу жүзеге асырылатын 40 донорлық стационар, транспланттау бойынша ота жүргізуге лицензиясы бар 7 транспланттау орталығы қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар

Құрметті отандастар!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны салдарынан туындаған қиын жағдайға байланысты үндеу жасап, табиғи апатқа бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, төтеп беруге шақырды. ...
Толығырақ

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ХИРУРГТАР ҮШ ДОНОРЛЫҚ АҒЗАНЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУДЫ ЖҮРГІЗДІ

Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды. ...
Толығырақ

Алматы облысында 400-ге жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде 2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да...
Толығырақ

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы»

Донор болуға дайынсыз ба? «Талқы» 14.02.24 ...
Толығырақ

E-gov порталында ерік білдірушілер

E-gov порталында ерік білдірушілер Подробнее... ...
Толығырақ

"Есірткіге, шылымға құмар адамдар мәйіт доноры бола алады": сарапшы пікірі Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/preview/88148dca4c669cdf6f1a4673747

https://massaget.kz/preview/88148dca4c669cdf6f1a467374714aba...
Толығырақ

Біздің серіктестер

Республикалық деңгейдегі транспланттаушы үйлестіруші

Талаптар:

  • высшее/базовое медицинское образование по специальности «Лечебное дело», «Педиатрия», переподготовка (специализация) по специальности «Общая хирургия» и/или переподготовка (специализация) по специальности «анестезиология-реаниматология», либо повышение квалификации по вопросам трансплантологии.

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 10 жыл.

Функционалдық міндеттер:

  • жетекшілік ететін өңірлердің өңірлік және стационарлық үйлестірушілерінің қызметін бақылау және тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету; өңірлік және стационарлық үйлестірушілерден келіп түскен деректерді жинау, талдау және жалпылау; жетекшілік ететін өңірлердің стационарларында әлеуетті донорлардың болуы туралы күнделікті есепті ақпаратты ұсыну; жетекшілік ететін өңірлер бойынша тіндер (тіннің бөлігін) және/немесе ағзалар (ағзалардың бөлігі) донорларының, реципиенттерінің тіркеліміне, оның ішінде, " TRINIS" медициналық ақпараттық жүйесіне деректердің тиісті енгізілуін және өзектендірілуін бақылау; жетекшілік ететін өңірлер бойынша бекітілген есепті нысанға сәйкес "күту парағына" енгізу үшін бүйректі, бауырды, ұйқы безін, жүректі, өкпені, "жүрек-өкпе" кешенін транспланттау ұсынылған науқастар бойынша қорды өзектендіру; транспланттауды үйлестіру қызметін дамыту, донорлар, реципиенттер және транспланттауды күтетін тұлғалардың ("күту парағы") дерекқорларын халықаралық тәжірибені есепке ала отырып ұйымдастыру; құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, өтініштері мен басқа да жүгінулерін қарастыру; трансплантология мәселелері жөніндегі ғылыми еңбектер мен ақпараттық материалдардың жариялануын ұйымдастыру; Донорлық ағзаларды транспланттау және аллокациялау жөніндегі үйлестіру бөлімінің басшысына тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есепті ұсыну; медициналық қызметкерлер мен халық арасында ағзалық донорлықты насихаттау мақсатында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және жүргізу.

Донорлық ағзаларды транспланттау және аллокациялау жөніндегі үйлестіру бөлімінің басшысы.

Алматы қ. бойынша өңірлік деңгейдегі транспланттаушы үйлестіруші.

Алматы облысы бойынша стационарлық транспланттаушы үйлестіруші, 2 бірл.

Қарағанды облысы бойынша стационарлық транспланттаушы үйлестіруші, 2 бірл.

Маңғыстау облысы бойынша стационарлық транспланттаушы үйлестіруші.

Атырау облысы бойынша стационарлық транспланттаушы үйлестіруші.

Бос қызмет орнына конкурсқа қатысу үшін кандидаттарға келесі құжаттарды:

  1. өңірдің донорлық стационарының басшысымен келісілген, конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
  2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  3. байланыс деректері көрсетілген, мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі түйіндемені;
  4. ерікті түрде жазылған өмірбаянды;
  5. білімі туралы құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет.

Кандидаттар кәсіби дайындығының деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже және атақ меншіктеу, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ, өткен жұмыс орнының басшылығынан ұсыныс хаттар және т.б.) ұсына алады.

Құжаттар қолма-қол немесе электрондық түрде хабарламаны жариялау күнінен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде келесі мекенжай бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Керей, Жәнібек хандар, 5/1 ғимарат, 662 кеңсе, электрондық пошта мекенжайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша іріктелген кандидаттарға сұхбаттасу орны (форматы) мен уақыты туралы қосымша хабарланады.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 69-24-72

2023. Барлық құқықтар қорғалған

© ABC DESIGN-да жасалған - Астанада сайттар жасау және қолдау